BANNER

Путин мен Жапаров Астанада кездеседі

Ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, Астанадағы кездесуге келісті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД басшыларының бейресми саммиті өтті. Қырғызстан президенті оған бара алмады. Ресми саммит қараша айының ортасында Қазақстан астанасында өтеді деп жоспарланған.

"Саммит басталғанға дейін президент Путин Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, олар екіжақты қатынастарға байланысты мәселелерді талқылауды Астанада өткізуге келісті", - деді Песков " Мәскеу.Кремль.Путин" бағдарламасында.