BANNER

Путиннің баспасөз хатшысы ҰҚШҰ әскерін шығаруға қатысты пікір білдірді

Путиннің баспасөз хатшысы ҰҚШҰ әскерін шығаруға қатысты пікір білдірді

Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясы аяқталғанын және біртіндеп шығарыла бастайтынын мәлімдеді. Осыған қатысты Ресей прездентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремлдің пікірін білдірді, деп хабарлайды Saryarqanews.kz

- Бұл мәселе толықтай ҰҚШҰ көмегіне жүгінген елдің құзіретінде. Олар өздері сараптама жасап, көмектің қажет не қажет емесін анықтайды. Біздің бұған араласуға ешқандай құқымыз жоқ, - дейді Дмитрий Песков. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгерлік күштердің ел аумағынан 2 күннен соң біртіндеп шығарылатынын айтқан болатын. Әскери контингентті толық шығаруға он күнге жуық уақыт жұмсалмақ.