Тараз қаласында 15 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған жарыста Ризабек Айтмұқан 125 келіге дейінгі жаңа салмақта ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Финалда ол Ақтөбе облысының өкілі Сәлімжанды 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Бұған дейін Ризабек 97 келі салмақта күрескен.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан – еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы.
Ризабек Айтмұқан жаңа салмақта ел чемпионы атанды
Фото: Life09