Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың учаскелерге келуі туралы деректер

Фото: ЦИК

Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі төменде көрсетілгендей:

Абай облысы  61,04%

Ақмола облысы 60,05%

Ақтөбе облысы 61,37%

Алматы облысы 56,13%

Атырау облысы  56,54%

Батыс Қазақстан облысы 49,97%

Жамбыл облысы 51,13%

Жетісу облысы  59,82%

Қарағанды облысы  57,32%

Қостанай облысы 56,51%

Қызылорда облысы 64,63%

Маңғыстау облысы 53,14%

Павлодар облысы  53,31%

Солтүстік Қазақстан облысы 52,37%

Түркістан облысы 58,03%

Ұлытау облысы 52,06%

Шығыс Қазақстан облысы 59,60%

Астана қаласы 40,68%

Алматы қаласы  21,68%

Шымкент қаласы  58,24%.

Жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93% құрады.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат  жергілікті уақыт бойынша 16.00-де беріледі.