Грек-рим күресінен жаттықтырушы Ержан Әмірханов өз қаражатына жағажай салмақ. Ол жағажайға қажет жерді де таңдап қойған, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі Хабар24 сайтына сілтеме жасап.
Бапкер жақында Ертісте суға кеткен жеткіншектің өлімінен кейін осындай ой келгенін айтады. Мұнда құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілікте отырады. Жағажайдың аумағы шамамен 2 гектардан асады. Қазір судың асты тегістеліп жатыр. Семейде қазір шомылуға рұқсат етілген бірде бір жағажай жоқ.
«Біз биыл статистика бойынша балалардың суға батуы жөнінен бірінші орындамыз. Бұл алаңдайтын жағдай. Сондықтан жайлы да қолайлы жағажай қажет. Соған барымызды саламыз. Ең бастысы тегін. Волейбол, футбол алаңдары да болады»,-дейді қала тұрғыны Ержан Әмірханов.