Алматы облысы Шамалған ауылында оқушы мұғаліміне қол көтерген. Оқиға биыл қаңтар айында болған, ал оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрларда жасөспірімнің ересек адамды қуалап жүріп ұрғаны көрінеді. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Оқушы ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Іс материалдары кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданып, оны профилактикалық есепке қою мәселесі қаралуы мүмкін.
Шамалғанда оқушы мұғаліміне қол көтерді
Фото: ЖИ ChatGPT