Шавкат Рахмонов биыл октагонға шықпайды

Фото: Шавкат Рахмоновтың инстаграм парақшасынан алынды

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы ММА ұлттық федерациясының басшысы Сағындық Мекеев UFC файтері Шавкат Рахмоновтың чемпиондық атаққа жету мүмкіндігін бағалады.
 

"Шавкат былтыр ота жасатқан, жақында қайта жарақат алғанын айтты. Содан кейін қайтадан Германияға реабилитацияға кетті, бұл оңалту жыл соңына дейін созылатыны анық. Биыл біз оны октагонда көрмейміз", - деді Мекеев.



Айтуынша, ол қыс соңында немесе көктемге қарай дайын болып қалуы мүмкін.