Қарағанды облысы Шет ауданының Кеңшоқы ауылдық округінде ашық аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 81 гектарды құрайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жану ошағы оқшауланды.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында барлығы 87 адам және 32 бірлік техника жұмыс істеуде.
Жануды толық жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай бақылауда.
Шет ауданында құрғақ шөптің жануының бір ошағы оқшауланды
Фото: ЖИ