BANNER

Шымкентте ер адам анасын пышақтап өлтірді

Aikyn.kz

Шымкентте 30 жастағы жігіт туған анасын пышақтап өлтірді. Ер адам көмекке келген көршілеріне де күш көрсетпек болған, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Қанды қылмысқа барған ол, тіпті үйін өртемекші болған. Түтінді көріп көмекке келген көршілеріне де күш көрсетпек болды. 

Көршілерінің айтуынша, күдіктінің психикалық ауытқуы болған. 54 жастағы анасын өлтіруге отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазір қылмыс болған үй жабық, есігі мөрленген. Жауыздыққа барған күдікті қамауға алынды. Полиция департаменті әзірге «кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.