BANNER

Шымкентте қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды

сурет жоқ

Шымкентте қоқыс контейнерлерінің бірінен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды saryarqanews.kz Otyrar.kz порлыната сілтеме жасап. 

Жангелдин көшесіндегі қоқыс контейнерінің жанынан өтіп бара жатқан адам полицияға хабар берген.

Мәйіт көрпеге оралып, үлкен сөмкеге салынған. 

Полиция әйелдің шамамен 35 жаста екенін анықтады. Оның жанында ешбір құжат болмаған. 

Әйелдің денесінде соққының іздері бар. 

Қазіргі күні аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.