BANNER

Шымкентте LRT салу жоспарлануда

Ашық дереккөз

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізілгенін айтты, - деп хабарлайды Saryarqanews.kz Tengrinews.kz сілиеме жасап.

"Сізге Шымкент қаласының бас жоспары ұсынылды. LRT (жеңіл рельсті көлік жүйесі) және BRT (Bus Rapid Transit - жүрдек автобус көлігі) құрылысы туралы айтылды. Елордадағы LRT тағдыры туралы білесіз. Тәуекелдерді еңсеру үшін не істеп жатырсыздар", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде әкімнен.

Әйтенов бас жоспар 2012 жылы бекітілгенін айтты. Одан бері Шымкент облыс орталығынан республикалық маңызы бар қалаға айналды. Әкімнің айтуынша, бас жоспар жаңадан жасалып жатқан жоқ, оған өзгерістерге байланысты түзетулер енгізіледі.

"Биыл халық санының өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізіліп жатыр. Қала тұрғындарына өз ұсыныстарын айту үшін бір ай мерзім бердік. LRT, BRT қосылғанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Мамандардың айтуынша, қалаға баламалы көлік түрі қажет. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалып жатыр. Қалай қосылады, бұл мәселені алдағы уақытта үкіметпен талқылаймыз. Соған қарамастан LRT енгізу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырамыз", - деді Әйтенов.

Әкім LRT құрылысының жоспарлары әлі нақты емес екенін, мұның бәрі сызбалар әзірленгеннен кейін шешілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, бәрі инвесторлардың ұсынысына байланысты болады.

"Бүгінде біздің қоғамдық көліктер толығымен нарықтық экономикаға көшті", - деп сендірді ол.