Сәтбаев қаласында пәтерден өрт шығып, ер адам түтіннен уланып қалды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 5 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерден шыққан.

Өрт сөндірушілер жалынды дереу өшірді.

Жанып жатқан пәтерден үй иесі құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Ол түтіннен уланған.

Көрші пәтерден автосаты көмегімен 4 бала құтқарылды.