BANNER

"Су басқан жердегі құдықтан су ішпеңіз"

Фото: unsplash.com

"Су басқан жердегі құдықтан су ішпеңіз": Денсаулық сақтау министрлігі тасқынға байланысты азаматтарға үндеу жасады,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі stan.kz сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыныс жариялады.

Министрлік ұсыныстары мынадай: 

  1. Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз;
  2. ⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;
  3. ⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз;
  4. Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;
  5. ⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;
  6. Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.