BANNER

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы әлемдік мұнай нарығына бірден әсер етті

Фото: Gemini ИИ

Мұнай бағасы қысқа уақыт ішінде шамамен 10 пайызға қымбаттап, баррелі 80 доллар шамасына жеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. Сарапшылардың болжауынша, егер аймақтағы әскери шиеленіс тереңдей түссе, баға 100 долларға дейін көтерілуі ықтимал.

Бағаның өсуіне Иран маңындағы әскери әрекеттер мен мұнай тасымалының қауіп астында қалуы себеп болып отыр. Әсіресе әлемдік мұнайдың шамамен бестен бірі өтетін Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімге төнген қатер нарыққа айтарлықтай қысым түсірді. Бұл бағытта іркіліс немесе толық жабылу орын алса, әлемдік ұсыныс тәулігіне миллиондаған баррельге қысқаруы мүмкін.

Қалыптасқан ахуалға байланысты бірқатар мемлекеттер стратегиялық қорларын қайта қарап, балама логистикалық бағыттарды зерделеуде. Ал OPEC+ елдері өндіріс көлемін ішінара арттыру жөнінде келісімге келгенімен, мамандар бұл шара нарықтағы тұрақсыздықты толық еңсере алмайтынын айтады.