Қарағанды хайуанаттар бағы оқушылар арасында «Таза аула – менің қамқорлығым!» атты бейнероликтер онлайн байқауын жариялады. Байқауға қатысушылар өздері үлгі көрсету арқылы үйінің айналасын қалай таза әрі жайлы етуге болатынын көрсетуі керек. Бұл бастама «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасының құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Байқау шарты қарапайым. Қатысушы аула аумағын ретке келтіріп жатқан сәтін бейнероликке түсіруі қажет. Мәселен, қоқыс жинап, аумақты сыпыруға немесе достары мен отбасы мүшелерімен бірге ауланы абаттандыруға болады. Дайын бейнероликті Instagram желісіндегі жеке парақшаңызға жариялап, хайуанаттар бағының @krgzoo аккаунтын белгілеу керек. Байқау аяқталғанға дейін қатысушының парақшасы ашық болуы тиіс.
«Қиялдарыңызға ерік беріп, достарыңыз бен отбасы мүшелеріңізді де жұмылдырыңыздар. Таза аула – бәрімізге ортақ жауапкершілік екенін өз үлгілеріңізбен көрсетіңіздер!» – деп шақырды ұйымдастырушылар.
Байқау жеңімпазын Қарағанды хайуанаттар бағының арнайы сыйлығы күтеді.
Дереккөз: Gov.kz