«Таза Қазақстан» бастамасы аясында өтетін «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі туралы

Фото: Life09

 

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылатын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізуді жалғастырып жатыр. Бұл акция аясында бұлақтар мен су нысандарын тазарту, сондай-ақ олардың айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

11 шілде күні «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңін еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында) өткізу жоспарланып отыр. Акция барысында 58 бұлақ пен 33 су нысанын тазарту жұмыстары жүргізіледі. Іс-шараларға 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері және еріктілер бар.

Бүгінгі таңда акцияның бірінші кезеңі аясында 36 бұлақ пен 27 су нысаны қамтылды. Іс-шараларға 12,5 мыңнан астам адам, оның ішінде 900-ден астам ерікті қатысты.

Анықтама:

2026 жылғы 23 наурызда министрлік «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының бірінші кезеңін өткізді. Акция аясында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі (Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары, Жетісу облысы және Шымкент қаласы) 30 бұлақ пен 19 су нысаны қамтылды. Акцияларға 9 мыңнан астам адам, оның ішінде 700-ден астам ерікті қатысты.

Бұдан бөлек, «Болашақтың қайнары» еріктілер тобы тағы 5 бұлақ пен 6 су нысанының жағалау аумағынтазартты. Бұл іс-шараларға негізінен жастардан құралған 3 мыңнан астам адам қатысты.

2026 жылғы сәуірде Қостанай облысында акция аясында еріктілер мен колледж оқытушылары өзендер мен су айдындарының жағалауын тазарту жұмыстарын жүргізді. Тобыл өзенінің жағалау сызығын, сондай-ақ Қостанай қаласының Триатлон-паркін және Арқалық қаласының орталық паркін қоса алғанда, су объектілеріне іргелес жағалаулар мен саябақ аймақтарын тазартуға ерекше назар аударылды. Іс-шараларға 200-ден астам ерікті қатысты.

Сонымен қатар 2026 жылғы 16 мамырда Ақтөбе су қоймасының аумағында тұрмыстық қалдықтардан жағалау аймағын тазарту бойынша экологиялық акция өтті. Оған Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Тобыл-Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің, "Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылыстарына қызмет көрсету мекемесі" КММ, сондай-ақ Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының өкілдерінің қатысуымен жағалау аймағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акция өткізілді. Іс-шараға 50-ге жуық адам қатысып, 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ осы жылдың мамыр айында Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы бұлақтарды тазарту акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында Алма-Арасан шатқалындағы бір бұлақтың аумағы қоқыстан тазартылды. Акцияға 50-ден астам адам, оның ішінде «Алматы су» кәсіпорнының қызметкерлері мен «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері қатысты.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 26 мамырда Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік органдардың, студенттердің, еріктілердің және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Мөлдір бұлақ» акциясын өткізді. Акцияға 100-ден астам адам қатысып, Тобыл өзенінің жағалау аумағы тазартылып, 3 тонна қоқыс жиналды.

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңіне 

Қатысатын өңірлер туралы ақпарат

Абай облысы

«Қазсушар» РМК-ның «Абай» филиалы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында 5 аудандағы (Үржар, Мақаншы, Жарма, Көкпекті және Ақсуат аудандары) 10 бұлақта іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. 

Негізгі іс-шара Жарма ауданындағы №1 бұлақта өтеді. Оған Абай облысы әкімінің орынбасары Д.Р. Оспановқатысады.

Жалпы облыс бойынша акцияға 940 адам, оның ішінде 10 ақсақал қатысады деп жоспарланған.

Ақмола облысы

Ақмола облысының аумағында 4 аудандағы 8 бұлақтытазарту жұмыстары жоспарланған (Есіл, Зеренді, Сандықтау және Бурабай аудандары).

Негізгі іс-шара Ақмола облысының Бурабай ауданындағы №1 бұлақта ұйымдастырылады. Оған Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтыңқатысуы жоспарланған.

Жалпы облыс бойынша акцияға 560 адам, оның ішінде 14 ақсақал қатысады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының аумағында 6 аудан мен Ақтөбе қаласында 15 бұлақ пен 6 су нысанының жағалау аумағын тазарту жұмыстары жоспарланған (Алға, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар аудандары).

Негізгі іс-шара Ақтөбе қаласындағы «Ислам» бұлағында ұйымдастырылады. Оған Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Шахаровтың қатысуы жоспарланған.

Жалпы облыс бойынша акцияға 2 200 адам, оның ішінде 20 ақсақал қатысады.

Шығыс Қазақстан облысы

«Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан филиалы «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Өскемен қаласында (20-ықшамаудан, «Святильный» бұлағы, координаттары), Тарбағатай ауданында (Ақжар ауылы, Қарасу бұлағы), Зайсан ауданында (Зайсан қаласы, Жеменей бұлағы) және Күршім ауданында (Сарыөлең ауылы, Шолпақ бұлағы) орналасқан 4 бұлақта іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Негізгі іс-шара Өскемен қаласындағы «Счастливый» бұлағында өтеді. Оған облыс әкімі Н.А. Сақтағановтың қатысуы жоспарланған.

Жалпы акцияға 950 адам, оның ішінде 20 ақсақал қатысады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының аумағында 3 бұлақ пен 14 су нысанының жағалау аумағын тазарту жұмыстары жоспарланған.

Негізгі іс-шара Тасқала ауданындағы №1 бұлақта өтеді. Бұл іс-шараға облыс әкімі Н.Т. Төреғалиевтің қатысуы жоспарланған.

Жалпы облыс бойынша акцияға 550 адам, оның ішінде 8 ақсақал қатысады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында 3 бұлақты (Осакаров, Бұқар жырау, Абай аудандары) тазалау және абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Акцияның ашылуы Абай ауданындағы «Жартас бұлақ» бұлағында өтеді. Оған облыс әкімі Е.К. Бөлекбаевтың қатысуы жоспарланған.

Жалпы акцияға 1500 адам, оның ішінде 5 ақсақалқатысады.

Анықтама:

КИКС филиалы бойынша 1 бұлақ (Осакаров ауданы, «Ақбұлақ» бұлағы), 2 су нысанының жағалау аумағы қамтылған. Іс-шараға 1000 адам қатысады.

Қостанай облысы

Қостанай облысының аумағында Б. Майлин ауданында және Лисаков қаласында орналасқан 3 бұлақты, сондай-ақ 2 су нысанының жағалау аумағын тазарту жұмыстары жоспарланған.

Акцияның ашылуы Б. Майлин ауданындағы «Жабағы батыр» бұлағында өтеді. Іс-шараға облыс әкімі Қ.И. Ақсақаловтың қатысуы жоспарланған.

Жалпы акцияға 600 адам, оның ішінде 2 ақсақал қатысады.

Павлодар облысы

Павлодар облысының аумағында Май ауданында орналасқан 3 бұлақты тазарту жұмыстары жоспарланған.

Акцияның ашылуы Баянауыл ауданындағы №1 бұлақта өтеді. Бұл іс-шараға облыс әкімі А.Қ. Байхановтың қатысуы жоспарланған.

Жалпы акцияға 550 адам, оның ішінде 3 ақсақал қатысады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында 3 бұлақты және 2 су нысанының жағалау аумағын (Пестрое көлінің жағалауы, Есіл өзенінің жағалауы) тазалау және абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Атауы жоқ бұлақтың ашылуы Шал ақын ауданында өтеді. Бұл іс-шараға облыс әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтің қатысуы жоспарланған.

Жалпы акцияға 540 адам, оның ішінде 5 ақсақал қатысады.

Анықтама:

«Есіл су» филиалы бойынша 4 бұлақ (Есіл ауданы, «Чистый» бұлағы) және 5 су нысанының жағалау аумағы қамтылған. Іс-шараға 240 адам қатысады.

 

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының аумағында 1 бұлақ пен 2 су нысанының жағалау аумағын тазарту жұмыстары жоспарланған.

Акцияның ашылуы Ұлытау ауданындағы «Ақтасты» бұлағында өтеді. Аталған іс-шараға облыс әкімі Д.А. Рыспековтің қатысуы жоспарланған.

Жалпы акцияға 550 адам, оның ішінде 2 ақсақал қатысады.

 

Атырау облысы

Облыс аумағында бұлақтардың болмауына байланысты негізгі іс-шара Жайық өзенінің жағалауында өткізіледі.Акцияға 530 адам қатысады.

Маңғыстау облысы

Облыс аумағында бұлақтардың болмауына байланысты негізгі іс-шара Каспий теңізі жағалауында және Қаракөл көлінде өткізіледі. Бұл акцияға 530 адам қатысады.