BANNER

Түркістанда 22 адам астан уланып қалған

Фото: yandex.kz

Уланған 22 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

 Түркістан облысында адамдар жаппай сушиден уланып қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Уланғандардың бәрі сушиге тапсырыс бергендерін айтқан. Әлеуметтік желідегі парақшасында тағамның халал екенін жазған дәмханаға хабарласу мүмкін болмады, абонент өшірулі.

Ал сушиден уланған 22 адам ауруханаға жатқызылды.

"Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.