BANNER

Түркия су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

pixabay.com

Түркия елімізге кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Түркия СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз Қазақстанның бірнеше өңіріндегі жойқын су тасқынына қатты қайғырып отырмыз, бұл жағдайдан біздің ондаған мың бауырымыз эвакуациялануға мәжбүр болды, сондай-ақ елеулі залал келді. Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан болған кез келген ауыртпалықты көтеруге дайын»,- делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.