Үндістанның Фаридабад қаласында демалыс аймағында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап. Көпшілік мінетін «Цунами» аттракционы кенеттен бір жағына қисайып, артынша жерге құлаған.
Апат кезінде адамдарға көмек көрсетуге ұмтылған полиция қызметкері қаза тапты. Оқиға салдарынан 13 адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
