НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
• Әділеттілік, Заң және Тәртіп – конституциялық деңгейде бекітілген базалық қағидаттар.
• Әралуандықтағы бірлік: Қоғамдық келісім, ұлтаралық және дінаралық татулық – мемлекеттің берік негізі.
• Экологиялық жауапкершілік: Табиғатты қорғау – мемлекеттің ресми міндеті әрі құндылығы.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫ
• Абсолютті басымдық: Адам құқықтары мен бостандықтары бүкіл Конституцияның мағыналық өзегіне айналды.
• Құқықтық қорғаныш:
— ұстау кезінде құқықтарды түсіндіру («Миранда қағидасы»);
— азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш бермеу;
— цифрлық ортада құқықтарды қорғау кепілдігі.
АДАМ КАПИТАЛЫНА БАҒЫТ
• Ресурстан – білімге: Қазақстанның болашағы енді табиғи байлықпен емес, білім, ғылым және инновациямен байланыстырылады.
• Талантты дамыту: Азаматтардың әлеуетін ашу мен жетістіктерін қолдау – мемлекеттің стратегиялық басымдығы.
• Зайырлы жол: Білім беру жүйесінің зайырлы сипаты сақталып, дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты айқындалады.
• Цифрлық трансформация: Конституция жасанды интеллект пен жаһандық технологиялық өзгерістердің сын-қатерлеріне бейімделді.
