Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жыл кешінде Қазақстан өңірлерінде қанша бала дүниеге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 181 бала: оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз дүниеге келген. Сонымен қатар Маңғыстау облысында егіз туылды.
Мереке түнінде туған нәрестелердің көп саны Түркістан облысында тіркелді (34 сәби). Екінші орында – Алматы мен Алматы облысы тұр. Онда 17 нәресте дүниеге келген. Туу бойынша көшбасшылардың үштігінде Шымкент қаласы да бар. Мұнда 16 отбасы толықты.