BANNER

Жапонияда 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды

Фото: depositphotos.com

Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі Осака қаласын қоса алғанда кең аумақта сезілген.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19-да (Астана уақыты бойынша 17:19) тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы су астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жерасты дүмпулері Кюсю аралының бүкіл аумағында бес балға дейін, ал Сикоку аралында және Хонсю аралында Хиросима қаласынан Осакаға дейінгі үлкен аумақта үш балға дейін сезілгені хабарланды. 

Жер сілкінісінен кейін Жапония билігі цунами қаупін жариялады. Кюсюдің шығыс жағалауы мен Сикокудың оңтүстік жағалауының тұрғындарына биіктігі бір метрге жететін цунами қаупі ескертілді.