Жеке инвестициялар 18,2%-ға өсіп, Қазақстан экономикасына негізгі үлесті қамтамасыз етті

Фото: Life09

Инвестициялар өсудің драйвері болып қала беруде. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестициялар 16,1 трлн теңгені құрап, 7%-ға өсті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

«Ерекшелігі – инвестициялар өсуінің негізгі факторы жеке инвестициялар болып саналады, олар 18,2%-ға ұлғайды»,
 — деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Жеке инвестициялардың үлесі 85,7%-ды құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $9,4 млрд-ты құрады. Өңдеу өнеркәсібінде – 40,1%-ға, құрылыста – 32%-ға, ақпарат және байланыста – 29,2%-ға, денсаулық сақтауда – 20,4%-ға, ауыл шаруашылығында – 9,1%-ға айтарлықтай өсім байқалды.