BANNER

Жерге қонбайтын құс

Ашық дереккөз

Стриж - қарлығашқа ұқсас құс. Сұр қарлығаш деп те атайды. Бұл құс бар өмірін ұшып өткізеді. Олар жерге қона алмайды, суда жүзе алмайды. Тек көлбеу тұрған нәрселерге ғана жабысып тұра алады.

Сұр қарлығаштар бірнеше жыл қатарынан ұшуы мүмкін, тіпті ұшқан күйі ұйықтайды. Биікке самғайды да, ауаның ағысында тербеліп ұйықтай береді. Күнделікті тағамын да ұшып жүріп аулайды.

Олардың балапандары бірнеше күнге ұйқыға кетеді. Ол кезде дене температурасы төмендеп, тыныс алулары бәсеңдейді. Соның арқасында жинаған майы бір апта бойына жетеді. Ата - аналары тағам тауып әкелгенде “ұйқыларынан оянып”, жоғалған салмақтарын тағам арқылы қайта жинайды.

Балапандары күз келгенде жылы жаққа ұшып, үш жыл сол жақта болады. Есейген соң туған жерлеріне келіп, одан әрі өз ұрпақтарын жалғастырады.

Ақерке Аянқызы