Жеті партия – жеті бағыт: Қазақстандағы сайлауалды науқанның негізгі күн тәртібі (Қазақстанның сайлауалды картасы қалай көрінеді?)

Сурет: ЖИ

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде сайлаушылармен кездесулер өткізіп, бағдарламаларындағы басым бағыттарды таныстырып жатыр.

«Әділет» партиясы Ақтөбе облысында тұрғындармен кездесіп, отбасыны қолдау, ана мен бала денсаулығы, кәсіпкерлік және әлеуметтік саясат мәселелерін талқылады.

«ЖСДП» Өскеменде республикалық кәсіподақтар конгресін өткізіп, ең төменгі жалақы және еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау және инклюзия мәселелерін көтерді.

«Байтақ» жасылдар партиясы Алматы облысында Іле–Балқаш экожүйесін қорғауды талқылап, Астана мен Қызылордада экологиялық кездесулер өткізді, сайлаушылармен ашық пікірлесті.

«ҚХП» инклюзия, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларды қорғау тақырыптарына арналған кездесулер өткізді.

«Ауыл» партиясы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы делегациясымен кездесіп, науқанның барысы мен партия жұмысы туралы пікір алмасты және тәжірибе бөлісті.

«Ақ жол» партиясы Қостанайдағы ақпараттық акция мен Меркі қант зауытындағы кездесуде өнеркәсіпті дамыту және әлеуметтік саясат мәселелерін кеңінен талқылады.

«Respublica» партиясы еңбек ұжымдарымен кездесулерінде отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы мәселелеріне нақты тоқталды.