BANNER

Жезқазғанда ұрылар камераны бұзып, жазадан құтылып кетпекші болған

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда ұрылардың бұл ойы іске аспады.

Түнгі уақытта күдіктілер жеке үйдің ауласына заңсыз кіріп, бейнебақылау камерасын сындырып, өздерімен бірге алып кеткен.

Осылайша қылмыс ізін жоймақ болған.

Алайда камерадағы жазба электронды деректерді сақтау жүйесінде автоматты түрде сақталып қалған.

Полиция 20 жастағы екі қала тұрғынын ұстады. Олар кінәсін толық мойындады.