Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырып жатқан үміткер автодромда көлікті аударып алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап. Оқиға мамандандырылған ХҚКО аумағында тіркеліп, бейнежазбаға түсіп қалған.
Кадрлардан емтихан тапсырушының маневр жасау барысында басқаруды жоғалтып, көлікті аударып алғаны көрінеді.
Ал, Алматы қаласында емтихан кезінде тағы бір үміткер өз көлігін басқа автокөлікке соққан.
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде шымкенттік көлікті аударып алды
Фото: Life09
