BANNER

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Ашық дереккөз

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атынды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті.

Екінші орынды 210 кг салмақта қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.