Доллар, еуро, рубль және юань қаншадан саудаланып жатыр

Фото: ЖИ Gemini

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 485,02 теңгеден сатып алынады, 491,95 теңгеден сатылады;

— еуро: сатып алу — 562,00 теңге, сату — 573,48 теңге;

— рубль: сатып алу — 6,49 теңге, сату — 6,80 теңге;

— юань 68,88 теңгеден сатып алынады, 73,91 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 488,29 теңге, сату — 490,19 теңге;

— еуро: сатып алу — 562,53 теңге, сату — 569,67 теңге;

— рубль 6,56 — 6,70 теңге аралығында саудаланады.

— юань 70,35 — 73,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 10 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,24 теңгеге түсіп, 488,59 теңге болды.