Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,91 теңгеге қымбаттап, 502,60 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 497,56 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 500,41 теңгеден сатып алынады, 502,94 теңгеден сатылады. Еуро 588,41 – 594,19 теңге, ал рубль 6,39 – 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал, юань 72,26 теңгеден сатып алынады, 75,18 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 497,03 теңгеден сатып алынады, 504,03 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 584,03 теңге, сату - 594,03 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.
- юань: сатып алу - 72,00 теңге, сату - 76,10 теңге.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 3,68 теңгеге арзандап, 497,56 теңге болды.
