Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Сурет: qazsporttv

Әйелдер арасында B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда Анастасия Калаус пен оның пилоты Полина Братчикова 32 минут 21,54 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орынды Өзбекстан спортшылары 32 минут 45,82 секунд нәтижемен иеленсе, қола медаль 34 минут 31,92 секунд көрсеткіш тіркеген Сингапур құрамасына бұйырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарында пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды!