Алматыда 10-қабаттан құлаған бойжеткеннің аман қалғаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланып, онда қыздың әуелі кіреберіс маңдайшасына, кейін жерге құлағаны көрінеді деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгер әйелдің айтуынша, ол түнде әйел адамның айғайлаған дауысын естіп, сыртқа шыққан. Сол сәтте бойжеткен 10-қабаттың балконында тұрған, ал қасында болған жігіт көмек сұрап жүрген.
Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен мен жігіт арасында жанжал туындаған. Осыдан кейін қыз балконнан құлап кеткен. Дегенмен ол аман қалып, ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Соңғы мәліметке сәйкес, бойжеткен есін жиған.
Алматыда 10-қабаттан құлаған бойжеткен аман қалды
Фото: Gemini ИИ