Алматыда сайлау күні 60 сәби дүние есігін ашты

Фото: Gemini ИИ

23 тамыз Алматыда 60 отбасы үшін ерекше қуанышпен есте қалды. Қала әкімдігінің мәліметінше, сол күні 30 ұл мен 30 қыз дүниеге келген, деп Life09 хабарлайды ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Осылайша, сайлау күні көптеген шаңырақ үшін ел өміріндегі маңызды оқиғамен қатар, жаңа өмірдің басталған күні ретінде де есте қалмақ.

Айта кетейік, Астанада да Құрылтай сайлауы өткен күні 25 сәби дүниеге келген.