Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ФИДЕ ұйымдастыратын жаңа турнирде әлемнің үздік гроссмейстерлерімен бақ сынайды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі QAZSPORT-қа сілтеме жасап.
Total Chess World Championship Tour жарысы 10-21 қараша аралығында Будапештте өтеді. Байрақты бәсекеде 24 гроссмейстер шеберлік байқасады. Олардың қатарында әлемнің қазіргі көшбасшысы Магнус Карлсен де бар.
Турнир барысында шахматшылар блиц, рапид және жылдам классика форматтарында бақ сынайды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған ойыншы «Әлемнің ең әмбебап шахматшысы» атанады.
Бибісара Асаубаева әлемнің ең әмбебап шахматшысы атануы мүмкін
Фото: Gemini ИИ