Қарағанды облысында заңсыз қоқыс орындарымен күрес жалғасуда

Фото: Life09

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтер жүргізілуде. Бір күннің ішінде полицейлер жүк көліктерінен тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен үш деректі анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, барлық көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Көлік иелері қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі анықталып, ол өтелгеннен кейін ғана автокөліктерін қайтара алады.

Полиция өкілдері мұндай жұмыстардың тек заң бұзушылықтарды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға ғана емес, сонымен қатар жаңа заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының алдын алуға, елді мекендердегі тазалық пен тәртіпті сақтауға ықпал ететінін атап өтті.