Каспийде қаза тапқан әскери қызметкерлер арасында Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болған

фото автордан

Ол – Сержан Аяпберген. Әскерге шақырылғанға дейін самбо және дзюдомен айналысқан. Маңғыстау облысының намысын түрлі жарыстарда қорғаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.

Аяпберген спорттық мансабында самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттері арасындағы жарыстарда жүлдеге ие болған. Оған қоса дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлерге қатысқан.