Мемлекет басшысы «күйсандық», «қылтима» сияқты сөздердің қажетіне күмән келтірді

Сурет: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармалардың қажеті жоқ екенін айтты. Президент қазақ тілінде қалыптасып, кең қолданысқа енген «тұжырымдама», «қағидат», «жанармай», «ғаламтор», «тікұшақ» сияқты сөздерді атады. Сонымен қатар, кейбір сөздердің жасанды аударылуына күмән келтірді.

Мемлекет басшысының сөзінше, «күйсандық» (пианино), «қылтима» (балкон), «субұрқақ» (фонтан), «себезгі» (душ), «қырыққабат» (капуста), «үнқағаз» (газет), «жеделсаты» (лифт), «желкөз» (форточка) секілді сөздерді қолданудың қаншалықты қажет екені түсініксіз.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы діни тақырыпта араб сөздерін шамадан тыс қолдану мәселесіне де тоқталды. Оның пікірінше, мұндай мәселелерді кәсіби тіл мамандары мен ғалымдар ортаға салып талқылауы керек.