Қарағанды облысы Саран қаласындағы «QazTehna» ЖШС-нің конференц-залында кәсіпорынның еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Нуркелди Омарханов, Эрем Бариев қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, отандық машина жасау саласын дамыту, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, өндірістік әлеуетті арттыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелері қозғалды.

Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласындағы өзекті мәселелер мен еңбек жағдайларына қатысты пікірлерін білдірді. Кандидаттар ұжым өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызын атап өтті.

- Отандық машина жасау саласының дамуы жаңа өндірістік мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл бағытта заманауи технологияларды енгізу, білікті мамандар даярлау және кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалану маңызды. Өндірістің өркендеуі өңірдің экономикалық дамуына да серпін береді», – деді кандидат Нуркелди Омарханов.
Кездесуге 100-ге жуық адам қатысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.