Ертеңнен бастап қазақстандықтар Таиландта визасыз 60 емес, 30 күнге дейін ғана бола алады. Бұл туралы Қазақстанның Таиландтағы елшілігі хабарлады.
Жаңа тәртіп екі ел арасындағы үкіметаралық келісім талаптарына қайта оралуды көздейді.
Сонымен қатар, Таиландқа бірнеше рет кіретін шетелдіктерге де шектеу қойылады. Кез келген 180 күндік кезең ішінде елде болған жалпы мерзім 90 күннен аспауы тиіс.
Дереккөз: Qazaqstan.Tv