Қарағандыда оқушылар ескірген партада отыр: Мектеп әкімшілігі жауап берді

Сурет: Threads әлеуметтік желісінен (saniya010986)

Threads әлеуметтік желісінде Қарағанды мектептерінің біріндегі парталардың тозып кеткені туралы шағым жарияланды. Оқушылардың ата-анасы сыныптағы жиһаздың ескіргенін айтып, бұл мәселеге назар аударуды сұраған.

Мектеп әкімшілігінің хабарлауынша, бұл парталар 2020 жылы сатып алынған, ал оларды жаңарту тек 2027 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, мектеп тарапы тағы екі сыныпта парталарды ауыстыру қажет екенін растады.