Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстандағы концерттерінен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында елімізге арнайы алғыс білдірді.
«Екі ұмытылмас кеш үшін Қазақстанға тағы да рақмет!» — деп жазды өнер иесі.
Әншінің Қазақстандағы екі стадиондық концерті 3 қыркүйекте Астанада, 5 қыркүйекте Алматыда өтті. Екі қаладағы концерттің билеттері де толық сатылған.
▪️ Әлемдік жұлдыздың еліміздің екі ірі қаласында қатарынан концерт өткізуі Қазақстанның халықаралық мәдени шаралар мен оқиғалық туризм орталығы ретіндегі әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.
Қазақстандағы екі кештен кейін Энрике Иглесиастың келесі концерті 26 қыркүйекте Братиславада өтеді.
«Қазақстан, рақмет»: Энрике Иглесиас елімізге алғыс айтты
Сурет: Энрике Иглесиастің әлеуметтік желідегі парақшасынан