Қазақстанда 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды

Сурет: pddtest.kz

Қазақстанда медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 10 мыңнан астам азаматтың жүргізуші куәлігін пайдалануына шектеу қойылды.

Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері біріктірілгеннен кейін анықталған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, көлік жүргізуге тыйым салынатын аурулар тізіміне 8 нозология түрі кіреді. Мұндай азаматтарды анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алу кезіндегі медициналық тексеру рәсімі цифрландырылды. Енді медициналық анықтамалар электронды форматта рәсімделіп, комиссия қорытындысы ақпараттық жүйеге енгізіледі.