Қарағанды облысында арнайы техника бес адам отырған көлікті мыжып кетті

Ашық дереккөз

“Молодежный” көмір шахтасының маңында БелАЗ  УАЗ маркалы автокөлігін мыжып кетті. Салдарынан екі адам қайтыс болды, үшеуі ауруханада, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі “Қазинформға” сілтеме жасап. БелАЗ көлігі сол жақ бағытқа бұрылмақ болғанда тоқтап тұрған УАЗ-ды басып кеткен. Ішінде шахтаның 5 жұмысшысы отырған. Рөлде отырған қызметкер мен жанындағы бір кісі оқиға орнында қаза тапты. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.