Жаңа заманда кез-келген адамның өзінің жеке блогын ашып, блогерлік тәжірибесін арттыруына мүмкіндік зор.
Әрине, әр адам сауатты әрі шынайы өзінің блогын немесе “Instagram”, “Facebook”, “Youtube” т.б. секілді әлеуметтік желілерін дамытса, көрермендері мен оқырмандары әр шығарылымын немесе жаңа жазбасын асыға күтеді. Блогерлік бағыты дамып, әлеуметтік желіде өзіндік маңызы пайда болып, басқа терминмен атасақ үлкен аудиториясы бар блогерлер «инфлюенсер» болып өзінің дүниелерін ұсынып, пайда да көре алады. Бұны жұмсақ күштің қатарына да енгізуге болады. Мысал келтірсек, адам өзінің жеке блогын жүргізу барысында «өзім айтам өз жайымда» деп өзі жайлы тың деректермен бөлісе алады. Экранның ар жағында отырған адам өзің танытып отырған блогер жайында ақпарат біліп, жақсы таныс одан әрі дос ретінде де қабылдап сенімі арта түседі. Жалпы, біздің заманда әркім өзінше блогер. Эстетикалық тұрғыдан көркем көрсету мақсатында әдемі “Instagram” желісін жүргізуге тырысады. Монтаж жағынан өзін дамыту үшін “Youtube” арнасын ашып өзіне-өзі қожа болып жарық, түсірілім, бейнероликтерді өңдеудегі тәжірбелерін дамытып режиссерлік, операторлық қырларында ашады.
Әр салада әр бағытта қазіргі кезеңде инстаграм «мамандар» немесе блогерлер жеткілікті. Жұмсақ күштің арқасында қазақ тілді блогер-инфлюенсерлер Орта Азияда өздерін керемет танытуда. Атап өтетін болсақ: Youtube арнасын керемет 3 тілдеде еркін әрі сауатты жүргізетін - Тимур Балымбетов. Бүгінгі күнде халық арасында өзекті әрі маңызды тақырыптарды жоғары профессионализммен алып шығып қана қоймай, келген қонақтармен керек дейтін дүниелерді талқылап, жеңіл әрі түсінікті етіп көрсетеді. Қазақстанда подкаст жаныры қарқынды дамуда. Солардың бірі әрі бірегейі - «Dope soz», «Замандас» подкасттары. Бұл қазақ жастарының прогрессивті әрі сауатты екенін көрсете білетін заманауи әрі бетке ұстар подкасттар. Instagram-ның сауатты инфлюенсері немесе блогерлері қатарына - Перизат Мырзахмет, Айжұлдыз Адайбекова, Айя Шалқар, Мәди Фазыл т.б керемет жандарды атап шығуға болады. Бағыты – сауаттылық, даму, өзге тілдерді жетік меңгеру. Өте сауатты, көзі ашық кісілер, пайдалы ақпараттар мен қолдау сөздер әрдайым парақшаларында дайын тұрады.
Жұмсақ күшті немесе әлеуметтік желілерді, тұтынып отырған «контентімізді» дұрыс пайдалансақ, ал ол үшін пайдасы жетерлік сауатты, өнегелі блогерлерді бақыласақ, мүмкін көкжиегімізді кеңейтіп, критикалық сыни ойлау бағытымыз дамиды.
Айғаным Аманжолова