Теміртауда жаңа емхана ашылды

ашық дереккөз

Теміртауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша №3 орталық емхана ашылды. Қазір оған Достық таушығы шағын ауданының 20 мыңнан астам тұрғыны тіркелген.

1

Теміртауға жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа медициналық мекемеде болып қайтты.

1

Жөндеуден өткен екі қабатты ғимаратта ауруларды ерте диагностикалау және пациенттерді ыңғайлы емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Қабылдауды жалпы практика дәрігерлері де, бейінді мамандар да жүргізеді: невропатолог, хирург, акушер-гинеколог, ревматолог, кардиолог, гастроэнтеролог және т. б.

1

Стационарды алмастыратын көмек ұйымдастырылды – ол үшін алты төсек, сондай-ақ оңалту емі бар.

Емхана жоғары технологиялық жабдықтармен, оның ішінде заманауи стоматологиялық қондырғымен, ультрадыбыстық диагностика, рентгенография және флюорография аппараттарымен, физиопроцедураларды өткізуге арналған жабдықтармен қамтылған.