Інілерін өрттен құтқарған 12 жасар қыз медальмен марапатталды

Из открытых источников

Шымкентте егіз інісін өрттен құтқарған 12 жасар қыз медальмен марапатталды, деп хабарлайды life09 тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев бейбіт күннің батыры Анна Саворовскаяның еңбегін жоғары бағалады. Батыл да, батыр қызды тәрбиелеп өсірген анасына алғыс айтты. Сондай-ақ, ҚР Төтенше жағдай министрінің міндетін атқарушы генерал-майор И.Күлшімбаевтың бұйрығына сәйкес Анна Юрьевна Саворовскаяға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін тапсырды. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын 12 жасар қыз Қайнар бұлақ саяжайы, Зеленая көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан сәтте егіз інілерін қауіпсіз жерге шығарып, құтқарып қалды.