Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері ЖЭО барды

сурет автордікі

Қарағанды облысы қоғамдық кеңес мүшелері №3 ЖЭО барды. Екібастұздағы апаттан соң қоғамда өз қалаларындағы ЖЭО сенімсіздікпен қарау белең алуда. Әрине, қоғамдық кеңес мүшелері бұл саланың маманы емес екені белгілі. Бұл олқылықтың орнын осы бағытта жұмыс істеген ардагер мамандар толықтырды.

Мың рет естігенше бір рет көрген артық. Бұл ЖЭО қолданысқа 1977 жылы енген.  Көңілге күдік ұялатқан бір тұс қазандық агрегаттар 1976-1978 жылы  шыққан. Мамандар егер де уақытылы әрі сапалы жөндеп отырса бұл агрегаттар ұзақ мерзім жұмыс істей береді деп отыр. Бұл жердегі ең жаңа қазандық агрегаты 2016 жылғы. Тағы бір агрегат қосу жоспарланып, "Росатоммен"  алғашқы келісім жасау шаралары да қолға алынған екен. Бірақ, бұл жобаның жүзеге асуына жыл басындағы геосаяси жағдай кедергі жасаған. 

Фото автордікі

"Біздің жылу жүйеміз қалаға 110°C ыстық су жібереді. Ал, қайтып келгенде су температурасы 50°C жобасында болады. Қаладағы әр үйдің жылуына біздің мекеме жауап бермейді. ЖЭО шекарасы біткен жерден бастап "Теплотранзит" мекемесі жауапты",-дейді мамандар.

 "Екібастұздағы жағдай биылғы қыста қаламызда қайталанбайды деп сенімді түрде айталамыз",- деген мекеме басшылығының сөзімен  шағын мақаламызды аяқтамақпыз.