Тамызда Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында қуаңшылық болады

ашық дереккөз

2022 жылдың тамызында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында (жекелеген аймақтарды қоспағанда) ылғал шарттары нормаға жақын болады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы болады.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше жауын-шашын мол түседі. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандары да ылғалдан кенде болмайды.