BANNER

Дальтонизм немесе түс соқырлығы

-

 

Дальтонизм – бұл көздің туа бітті пайда болатын түс ажырата алмаушылық патологиясы. Жекелеген жағдайларда сирек болса да жүре келе пайда болады.

Дальтонизм, немесе түс соқырлық – бұл көз торының рецептрлі аппаратының түс қабылдағыш қасиетінің бұзылуы. Алайда көру органы қалыпты көрсеткіштерін сақтайды. Бұл патология әйелдерге қарағанда, ерлерде көп кездеседі.

Адамдардың тек төрттен бірі ғана түстердің толық спектрін ажырата алады екен. Қалғандары тек өңі өзгерген түрінде көреді. Мына қарапайым тест арқылы түстерді қаншалықты айыра алатыныңызды тексеріңіз.
Сонымен, түс ажырату қабілетіңізді тексеріп көрелік:

Көз тексеру

Суретке мұқият қарап, қанша түс барын және сол түске ұқсас жолақтарды санаңыз. Яғни жалпы қанша жолақ көресіз, соларды санаңыз.

1. 20 жолақтан аз санасаңыз  сіздің  көзіңізде екі түрлі жарықсезгіш жасушалы тор қабығы бар деген сөз. Адамдардың 25%-ы дәл осындай дихромат болып саналады. Иттер де солай, олар көп түстерді ажырата алмайды. Қала ішінде бағдаршамның жасылын жануын күтіп тұрған иттерді көрген боларсыз?!

2. 20-дан 32-ге дейін санасаңыз  сіз  трихромат санатынансыз. Көздің жарықсезгіштігі 3 түрлі. Сіз тек барлық түстерді ғана емес, олардың түрлі реңктерін де көре аласыз. Адамзаттың 50 пайызы осындай.

3. 32-ден 39-ға дейін. Түстердің барлығын ең жоғары сапада көре алатындарды, түрлі реңктерін анық көретіндерді тетрахроматтар деп атайды. Мұндай қабілет араларда да болады.

4. Егер 39-дан көп санасаңыз — қайтадан тексеріңіз. Өйткені суретте барлығы 39 жолақ бейнеленген.