Аталмыш бағдарламаның бастапқы жарнасы 50% болған жағдайда жылдық мөлшерлемесі небәрі 5,5% болады деп уәде берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Алайда кейін банк Jana Ipoteka ипотекасы бойынша мөлшерлемесін 5,5%-дан 8%-ға күрт көтеріп жіберді.
Несие сомасының ең жоғарғы шегі – 100 млн теңге, мерзімі – 15 жылға дейін деп жарнамалаған. Тұрғын үйді жаңа құрылыстан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болатынын жариялады.
ЦентрКредит Банкінің “тиімді” бағдарламасына сенген қазақстандықтар Отбасы банктегі депозиттерін жауып, оларды ЦКБ-ге аударып, жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алмақ болғанын айтып шағымданып жатыр.
Отандастарымыз қуанып, пәтерлерін сатып, депозиттегі ақшасын шешіп алып, сирек кездесетін мүмкіндікті пайдаланып қалу үшін алдын ала төлем жасаған. Алайда екі аптаға жетпей, ЦКБ Jana Ipoteka бағдарламасы бойынша мөлшерлемелердің өскенін мәлімдеген.